Батыс Қазақстан облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыстық сот және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бірлескен семинары өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы А. Тыныбаев, оның орынбасарлары, бөлім басшылары мен сот қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы М. Байсалов қатысты.
Семинарды ашқан А. Тыныбаев іс-шараның маңыздылығына тоқталып, оның сот жүйесі қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңнама талаптарын сақтау мен қызметтік тәртіпті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Сонымен қатар А. Тыныбаев өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдебін сақтау және қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстанудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Ол мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мен күнделікті қызметінде заңдылық, әділдік және әдептілік талаптарын басшылыққа алуы қажеттігін атап өтіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру әрбір қызметкердің ортақ міндеті екенін жеткізді.
Іс-шара барысында М. Байсалов баяндама жасап, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді. Сонымен қатар жаңартылған заңнама нормаларын мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде қолдану мәселелеріне тоқталды.
Семинарда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, қызметтік міндеттерді орындау кезінде адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын ұстану мәселелері талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, талқыланған мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мұндай іс-шаралар сот жүйесі қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарының тиісінше сақталуын қамтамасыз етуге ықпал етеді.