2.06.2017, 18:20
Оқылды: 6

БҚО-да Мемлекеттік рәміздер күніне арналған қандай шаралар өтеді?

IMG_6642Бұл туралы өңір басшысы Алтай Көлгіновтің төрағалығымен облыс әкімі жанындағы ҚР Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бақытжан Нарымбетовтің айтуынша, 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай облыстық жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен әлеуметтік желілерде «Менің рәміздерім – менің мақтанышым» атты акция ұйымдастырылуда.

Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мұрындық болуымен 3 маусым күні сағат 10.00-де «Менің Туым» эстафетасы басталады. Мотоциклистер, велошабандоздар, спортшылар және байдаркашылардың қатысуымен өтетін бұл эстафета қалаға кіреберістегі (Орал – Атырау тас жолы) «Орал» жазуынан бастау алып, жаңа алаңға дейін мемлекеттік Туды алып жүреді. Облысымыздың беделді спортшылары қатысатын аталмыш шара жаңа алаңда жастардың флешмобымен аяқталмақ.

4 маусым күні сағат 09.00-де барлық теміржол вокзалдарында еліміздің мемлекеттік Әнұраны орындалатын болады. Осы күні сағат 11.00-де жаңа алаңда өтетін салтанатты шарада көк байрағымыз көтеріліп, Гимн шырқалады. Қала көшелері мен қоғамдық жерлерге «Менің Қазақстаным» атты үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін микроавтобус шықпақ. Мереке күні Орал қалалық мәдениет және демалыс саябағында сағат 17.00-ден басталып спорттық сайыстар және жастардың патриоттық акциясы өтеді.

Акция барысында мерекелік концерт, түрлі ойындар ұйымдастырылады. 2-4 маусым аралығында облысымыздың бірқатар аудандарында да ауто, велошерулер, спорттық шаралар, әдеби кештер мен мерекелік концерттер өтеді.

 

Нұртас Сафуллин

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале