17.03.2022, 18:30
Оқылды: 173

БҚО-да Наурыз мерекесіне орай 80-нен астам ірі шаралар өтеді 

Оралдықтар мен қала қонақтары 21-22 наурыз күндері қаланың барлық аудандарында мерекелік концерттер, ұлттық ойындар және театрландырылған көріністерді тамашалай алады.

IMG-20220317-WA0080? 21 наурыз күні сағат 11.00-де Серебряков ауылында, Зачаганск кентіндегі №50 мектеп аумағында, Құс фабрикасы ауданындағы спорт алаңында, Деркөл кентіндегі №49 мектеп аумағында, Желаев селолық округінде, Шолохов көшесіндегі «Сәлем» базары аумағында, Жұлдыз шағынауданының «Айзат» мейрамханасы алаңында «Берекелі әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтеді.

? 22 наурыз күні сағат 11.00-де Круглоозерный кентінде, Зачаганск кенті әкімдігі алдында, Мөңкеұлы тынымбағында, А.Н.Островский театры алдында, Чапаев алаңында (Теміржол вокзалы аумағы), Денсаулық саябағында (Ет комбинаты), Алтын Алма базары алаңында, «Деркөл» мәдени-демалыс саябағында ұлттық ойындар және театрландырылған көріністер қойылып, мерекелік концерттер қойылады.

? Сонымен қатар 14-19 наурыз күндері аралығында сағат 10.00, 12.00, 14.00, 16.00-де Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында «Наурыз-думан» атты балаларға арналған ертеңгіліктер өтуде.

? 20 наурыз күні сағат 17.00-де Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында Н.Хикметтің «Шығыстың шерлі махаббаты» қойылымы көрермен назарына ұсынылады.

? 22 наурыз күні сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін қаламыздағы ірі сауда үйлерінде көркемөнерпаздардың концерті және қолөнер жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

? Ал қала бойынша басты мерекелік іс-шара 22 наурыз күні сағат 11.00-де Тұңғыш Президент алаңында өтеді. Онда қалалық, облыстық көркемөнерпаздар және елімізге танымал «Заман» тобы өнер көрсетеді. Көрермендер арасында ұлттық ойындардан сайыстар оздырылады.

? Мейрамға орай Тұңғыш Президент алаңы және Қазыбек би көшесінің бойында барлығы 14 киіз үй тігіледі. Киіз үйлерде қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер қойылып, қолөнер көрмесі көрермендер назарына ұсынылады. Сонымен қатар мерекелік іс-шара өтетін барлық аумақтар безендірілетін болады.

? Сондай-ақ 19-20 наурыз күндері Ықсанов көшесі бойында және Зачаганск кентіндегі «Жәңгір хан» сауда үйі алаңында мерекелік ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале