10.12.2021, 17:18
Оқылды: 229

БҚО-да облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Меритократия қағидатына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және облыс әкімінің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Тілепберген Ерсайұлы Каюпов тағайындалды.

WhatsApp Image 2021-12-10 at 17.13.12

Тілепберген Ерсайұлы – 1976 жылы туған. Білімі - жоғары. 1997 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы университетін «бухгалтер-қаржыгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары:

-        Казталов аудандық салық комитетінің инспекторы, Казталов аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;

-        Батыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бөлім басшысы, басшының орынбасары;

-        Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары;

-        Батыс Қазақстан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары.

2019 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Тілепберген Каюпов қаржы, экономика және бюджеттік жоспарлау, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале