1.04.2021, 18:37
Оқылды: 180

БҚО-да олимпиадаға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңіне жолдама алған 71 оқушыға даярлық сабақтары өтуде.

167964354_829974141195055_4138373152776842902_n

Оқушыларға М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің және мамандандырылған мектептер ұстаздары республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығынан шыққан олимпиада тапсырмаларын басшылыққа алып дәріс беруде.

167724207_829974134528389_1405912883243853927_n

Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале