24.11.2020, 12:02
Оқылды: 109

БҚО-да өткен тәулікте коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 33 дерегі тіркелді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев баяндады.

EB6687CC-ABAB-467F-A7F3-41CF61F34851

 -Облыс бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 7805 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 3831, симптомсыз - 3974, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1182,7 құрады.

Індеттен 7037 адам сауығып, өкінішке орай 130 адам қайтыс болды.

1-23 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 781 жағдай тіркелген, оның ішінде 349 науқаста ауру белгілері бар болса, 432 адамда ауру белгілері жоқ.

Орал қаласы бойынша барлығы 527 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 67,4% құрады. Бәйтерек ауданында - 103, Бөрлі ауданында - 52, Теректі ауданында - 21, Шыңғырлау ауданында - 29, Жәнібек және Казталов аудандарында – 12, Жаңақала ауданында - 7, Сырым ауданында - 6, Қаратөбе ауданында - 3, Тасқала және Ақжайық аудандарында – 4, Бөкей ордасы ауданында бір дерек тіркелді.

Аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 330 адамда (42,3%), ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген 224 адамда (28,9%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 120 адамда (18,4%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 74 адамда (10,3%) анықталды.

БҚО өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен 33 дерек тіркелді, оның ішінде 17жағдайда ауру белгілері бар болса, 16-сында ауру симптомсыз. ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында - 13, қарым-қатынаста болғандар арасында – 10, профилактикалық мақсатта тексерілгендер арасында - 6, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілгендер арасында - 4 жағдай тіркелді.

1-23 қараша аралығында облысымызда мемлекеттік шекарадан барлығы 18683 адам өтті, оның ішінде 3465-і – жолаушы, COVID-19 анықтамасынсыз - 347 жолаушы өткен. Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР әдісімен COVID-19 тест алынды, оның 7-еуінде тест қорытындысы оң нәтиже көрсетті. БҚО арқылы өткен екіжақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны - 6482, оның ішінде 4057 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 2425 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест 22 адамда оң нәтиже көрсеткен.

Биыл қараша айынан бері облыста барлығы 34684 адам зертханалық тексеруден өтті, ал індет басталғалы – 196307 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР диагностикасы үшін 60178 зерттеуге арналған 1203 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген, - деді Н.Мұстаев.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале