Бұл жыл басталғалы полиция қызметкерінің адам қағып кетуіне қатысты тіркеліп отырған екінші оқиға.
Сурет: сайт архивінен
24 қаңтар күні болған оқиғадан алған жарақаттан әйел адам сол жерде қайтыс болған. Жүргізілген сараптама рөлде болған полицияның ішімдік ішпегенін анықтапты. Оқиға БҚО, Тасқала ауданындағы дүкендердің бірінің маңайында болған.
-24 қаңтар күні Тасқала ауылында «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі артында өтіп бара жатқан әйелді қағып кетті. Ол әйел жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Алған жарақаттан әйел адам сол жерде қайтыс болды. Медициналық сараптама нәтижесі бойынша көлік жүргізушісінің алкоголь ішпегені анықталды. Ол қазір уақытша ұстау изолятрына қамалды. Көліктің рөлінде Тасқала аудандық полиция бөлімінде қызмет атқаратын полиция инспекторы болған. Осы оқиғадан кейін ол жұмыстан шығарылды. Қазір тергеу амалдары басталды,- деп атап өтті БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 1 қаңтар күні Орал қаласындағы Меловье Горки ауданында полиция қызметкері бір кісіні қағып кеткен болатын. Ол жағдайда да жол апатына түскен адам қаза тауып, қылмыстық іс тіркелген болатын.
Жанат Көшкінбай,