16.10.2024, 15:30
Оқылды: 254

БҚО-да полиция трактормен адам қағып өлтірді

БҚО-да полиция трактормен адам қағып кетті. Оқиға салдарынан 1979 жылы туған адам қайтыс болған. Ал полиция қызметкері жұмыстан шығарылған.

IMG_8802

Сурет: freepik.com

Оқиға Сырым ауданының Бұлдырты ауылында болды. Бұл туралы бізге БҚО ПД-ның баспасөз қызметі айтты.

– 11 қазан күні Сырым ауданының Бұлдырты ауылында «МТЗ-80» трaкторын басқарған азамат аңдаусызда 1979 жылы туған адамды қағып кетті. Азамат алған дене жарақатынан сол мезетте қайтыс болды. Трактор рөлінде Сырым аудандық полиция бөлімінің қызметкері болған. Полицияның ол кезде еңбек демалысында жүргені анықталды. Оқиғадан кейін ол дереу тұтқындалды, - деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.

Қазір осы іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Апаттан кейін полицияны қамауға алған, бірақ кейін сот шешімімен ол үйқамаққа ауыстырылған.

– Оқиға кезінде полиция арақ ішпеген, рөлге сау отырған, - деді Нұржан Қуанғали.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале