9.11.2018, 10:30
Оқылды: 51

БҚО-да прокуратураның тексерісі нәтижесінде коммуналдық қызметтің тарифы төмендетілді

mainБатыс Қазақстан облысы прокуратурасының тексерісі нәтижесінде коммуналдық қызметтердің – электр қуаты және жылудың тарифы төмендетілді, деп хабарлады БҚО прокуратурасының баспасөз қызметі.

«Батыс Қазақстан электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның қызметінде өткен жылы 71,9 млн. теңгеге тариф сметасының орындалмау фактілері анықталған.

Осылайша, осы соманы өтеу үшін, бұрын электр қуатының құны 5,47 теңге болса, 2018 жылдың 1 тамызымен 31 желтоқсаны аралығында 1 киловат үшін 5,37 теңгеге арзандады. Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағаның 5,01 теңгеге арзандауы жоспарланды.

«Жайықжылу қуаты» АҚ-мен жүргізілетін жылумен қамтамасыз ету тарифі 78,28 теңгеге төмендеді.

Монополист міндетті төлемге жататын 49,2 млн. теңгені шығындамай, оны жылу қуатының бағасына қосқан. Сондықтан тұтынушыларға аталған соманы қайтару мақсатында 1 Гкал үшін тариф 5289,77 теңгеден 5211,49 теңгеге төмендеп, 2019 жылғы 31 тамызға дейін болады.

Тексерістің нәтижелері «Ақсайжылуқуат» МКК-мен бекітілген Ақсай қаласының тұрғындары үшін жылу қуатын пайдалану құнын 5452,95 теңгеден 5335,97 теңгеге төмендеді.

Бұл жерде «Ақсайжылуқуат» кәсіпорны тарифке жеке ұйымның 11,3 млн. теңгеге есептегіш құрылғыларды қондыру қызметін қосқан. Алайда дәл осы жұмысты өздері жасай алады. Артық сома 1 Гкал үшін тарифті 116,98 теңгеге төмендету арқылы тұрғындарға қайтарылатын болады.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале