20.11.2022, 21:20
Оқылды: 86

БҚО-да сайлау тізіміндегі азаматтардың 68,67 пайызы дауыс беруге қатысты

ҚР орталық сайлау комиссиясы сағат 22.00-ге (Батыс уақытымен 21.00) азаматтардың сайлауға келуі туралы алдын ала қорытынды ақпаратты жариялады. 

Явка_2022_22

2022 жылғы 20 қарашада дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясы күні бойы учаскелердің ашылуы және дауыс берудің басталуы туралы ақпарат беріп отырды, сондай-ақ әрбір екі сағат сайын ҚР ОСК мүшелері дауыс берушілердің келуі туралы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың аумақтық комиссияларының деректерін беріп отырды.

Республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды, республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру елорда уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 69,43% бюллетень алды.

Оның ішінде өңірлер бөлінісі бойынша:

1.                 Абай облысы бойынша – 80,18 %

2.                Ақмола облысы бойынша – 78,87 %

3.                Ақтөбе облысы бойынша – 72,81 %

4.                Алматы облысы бойынша – 72,10 %

5.                Атырау облысы бойынша – 70,87 %

6.                Батыс Қазақстан облысы бойынша – 68,67 %

7.                Жамбыл облысы бойынша – 79,57 %

8.                Жетісу облысы бойынша – 81,42 %

9.                Қарағанды облысы бойынша – 78,39 %

10.           Қостанай облысы бойынша – 79,28 %

11.           Қызылорда облысы бойынша – 81,07 %

12.           Маңғыстау облысы бойынша – 66,99%

13.           Павлодар облысы бойынша – 77,58%

14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 79,01%

15.           Түркістан облысы бойынша – 80,37%

16.           Ұлытау облысы бойынша 75,48 %

17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 79,49 %

18.           Астана қаласы бойынша – 48,60%

19.           Алматы қаласы бойынша – 28,72%

20.           Шымкент қаласы бойынша – 59,79%

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале