30.05.2023, 17:30
Оқылды: 277

БҚО-да саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтуде

Дәл қазір 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандырын еске алу күніне орай «Батыс Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін саясатының нәтижелері: тарих пен тұлға» атты дөңгелек үстел өтуде. Жиынға БҚО әкімі Нариман Төреғалиев қатысуда.

1жантас

Жиынды саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Жантас Сафуллин ашты.

1 (42)

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Президенттің Жарлығын орындау мақсатында 2020 жылдан бастап арнайы жұмыс тобы қызмет етіп жатыр. Біз бүгін 2022 жылы жарық көрген 7 кітаптың таныстырылымын өткіземіз. Бұл кітаптардың үшеуі монографиялық еңбек, екеуі архив құжаттарына арналған, екеуі анықтамалық. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауда қиындық жоқ, қазір Президент жарлығына сәйкес барлық архив құжатары қолжетімді, - деп атап өтті ол.

аким 111

Дөңгелек үстелге өлкетанушылар, тарихшылар және жоғарыда аталған жеті кітаптың авторлары қатысуда.

БҚО әкімі Нариман Төреғалиев: «Егер бүкіл кеңес халқы үшін 1937-38 жылдардағы куғын-сүргін «үлкен террор» жылдары зор қайғы болса, онда біздің еліміз үшін бұрын-соңды болмаған қасірет болды. Дәл осы жылдары большевиктік-сталиндік режим алдын-ала әзірлеген саясатының нәтижесінде қазақ халқының саны едәуір кеміді.

Бұл орайда, өңірлік комиссияларды құрудың негізгі мақсаты – Мемлекет Басшысының Жарлығы аясында ұсыныстар әзірлеу үшін осы уақытқа дейін құпия болып келген немесе әлі белгісіз, ұмытылған деректерді, фактілерді табу, жинау, репрессияның түрлері мен механизмдерін анықтау, ауылдардағы қуғын - сүргін орталықтары мен орындарын, құрбандардың санын, аты-жөнін анықтау және зардап шеккендер туралы осы мәселеге қатысты басқа да ақпарат жинау, талдап- сараптау болатын. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмысын мемлекеттік тұрғыдан зерттеп, талқылап және жаңаша тарихи баға беру - бүгінгі ұрпаққа, бізге жүктелген ауқымды міндет», - деді.

1 (94)

Аймақ басшысы өз сөзінде комиссияның жұмысы үшін облыс бюджетінен қаржылай қолдау білдіріліп келгенін, алдағы уақытта да қолдау болатынын жеткізді.

Жанат Көшкінбай,

Фото авторы: Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале