25.10.2021, 14:34
Оқылды: 105

БҚО-да соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 9,2 пайызға төмендеді

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада алдыңғымен салыстырғанда, коронавирус жұқтырғандар саны 9,2 пайызға төмендеді.

30

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, өткен тәулікте 35 адамнан індет табылса, 25 науқас жазылып шықты.

Күні бүгін 791 адам үйлерінде амбулаторлық ем алуда.

Сондай-ақ 252 науқас облыс стационарларында ем қабылдап жатыр.

Соның 155-і модульдік стационарда, 52-сі облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. 25-і ауыр халде болғанымен, инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылғандар жоқ.

Басқарма мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 2866 бала сырқаттанса, соның 2785-і емделіп шықты. 81-і сауығу үстінде.

Пандемия басталғаннан бері 38 677 адам коронавирус жұқтырды. Биыл 29 456 науқас анықталса, соның 20 332-сі – ауру белгісі барлар.

Облыс бойынша барлығы 233 759 адам вакцинаның бірінші компонентімен егілді, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 56,4 пайызы.

Соның ішінде 211 835-і екінші компонентті салдырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале