14.07.2022, 16:30
Оқылды: 114

БҚО-да соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 72 пайызға өсті

Батыс Қазақстан облысында соңғы аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 72 пайызға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, алдыңғы аптада 8 адамнан вирус табылса, 7-13 шілде аралығында 29 науқас тіркелді.

Шілде айында 37 адам сырқаттанса, соның 25-і немесе 67 пайызы Орал қаласының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Бөрлі ауданында 4 (11 пайыз), Бәйтеректе 4 (11 пайыз), Жаңақалада 2 (5 пайыз), Тасқала мен Казталовта 1 науқастан тіркелді.

Жалпы жыл басынан бері 9 627 адамнан коронавирус анықталды.

«Облыста вакцинация басталғаннан бері егілуге тиісті 414 390 тұрғынның 67 пайызы (277 702) бірінші, 65 пайызы (269 531) екінші компонентті қабылдады. Сондай-ақ ревакцинацияға жататын 200 308 тұрғынның 100 884-і немесе 50,4 пайызы егілді. Оған қоса 5 317 адам қайта ревакцинациялаудан өтті. Сонымен қатар жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдерді егу жұмыстары жалғасуда. Індеттің қайта бас көтеруіне байланысты уақтылы екпе алудың маңызы зор. Өңірде вакцина қоры жеткілікті», - деді Н.Мұстаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале