17.10.2024, 11:45
Оқылды: 107

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 38 үй берілді

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қосымша 38 тұрғын үй салынды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі жазды.

IMG-20241017-WA0002

Алғашқы тұрғын үйлердің кілттері бір апта бұрын табысталған болатын.

Енді Жымпиты, Өлеңті және Бұлдырты ауылдарында қалған үйлердің кілттері ауыл тұрғындарына берілді.

IMG-20241017-WA0005

«Бүгін жаңа қонысқа кіріп жатырмыз. Президентімізге, үй салған барша азаматтарға алғысымды білдіремін. Енді мұндай жағдай болмасын. Ауылымыз көркейе берсін», - деді жаңа қоныс иесі Жаңыл Айдарханова.

IMG-20241017-WA0006

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 889 үй салынды. Оның 451-і Орал қаласында.

Сондай-ақ, Оралдағы саяжай тұрғындарына демеушілер қаржысына екі мыңнан астам үй сатып алынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале