26.04.2020, 11:21
Оқылды: 208

БҚО-да тағы 13 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Ол жайлы бүгін БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлімдеді.

0514d707-c8c5-405d-980b-bb84ae84c3f1

Коронавирус инфекциясы табылғандардың барлығы да Ресей Федерациясында жұмыс жасайтын Қазақстан Республикасының азаматтары. Олардың 6-уы Батыс Қазақстан облысының, 5-і Алматы облысының, 2-і Түркістан және Қарағанды облыстарының тұрғындары.

Ресей Федерациясымен шекарадағы Тасқала автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандар байланыссыз термометрия және сауалнама жүргізу кезінде азаматтардың денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарларға жатқызылды.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен 13 пациентте де COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Барлығы да облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

Бүгінгі есеп бойынша облыста COVID-19 вирусын жұқтырған 116 адам анықталған, оның 6 індеттен жазылып шықты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале