29.10.2019, 16:53
Оқылды: 164

БҚО-да тарихи-мәдени мұраны 24 музей сақтап отыр

Облыста тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында 22 тарихи-өлкетану, мемориалдық музей халыққа қызмет көрсетеді. Олардың 13-і ауылдық жерде,- дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев. Сондай-ақ 2 жеке музей бар.

Облыстағы музейлерде Жастар жылына арналған «Музейстар - 2019» атты жобасы,«ХХІ ғасырдағы музей маманы: кәсіби  біліктілік пен мансап»  тақырыбында музей қызметкерлеріне арналған облыстық семинар-тренинг, ҚР Ұлттық музейінде алғаш рет батысқазақстандық суретшілердің картиналарынан жабдықталған «Жазира Жайық» республикалық көрмесі ұйымдастырылған.

Сонымен қатар «Музейлер шеруі» жалпы республикалық акциясы аясында «Көне дүние күмбірі» атты ашық есік күні және музей түні ұйымдастырылды.

-Облыстық «Хан Ордасы» тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей-қорығы – өңіріміздегі бірегей тарихи-мәдени кешен болып табылады. Аталмыш музей-қорықтың туристік әлеуетін арттыру мақсатында даму жоспары жасақталып, визит-орталық пен әкімшілік ғимарат құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау үшін жергілікті бюджеттен 13.3 млн теңге бөлінді.

Биыл Шәңгерей Бөкеевке арналған әдеби-мемориалдық музейі ашылып, хан бағы құдығы, Бөкей және Жәңгір ханның мөрлері қалпына келтіріліп, музей экспозициясына қойылды. Аталған жұмыстар әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің профессоры Тәттігүл Қартаева, зергер Естай Даубаев және Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясының сәндік қолданбалы өнер кафедрасының аға оқытушысы Мақсат Мағзомовпен бірлесе атқарылды, - дейді басқарма басшысы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале