25.04.2023, 12:45
Оқылды: 132

БҚО-да Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір миллион жарымнан ақша берілді

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 78 жыл толады. Облыста тек 16 ғана ардагер қалған. Жылдағы дәстүр бойынша ардагерлер мен Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен соларға теңестірілгендерге әлеуметтік көмек беру жұмыстары жүргізілуде. Биыл Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне бір миллион жарымнан ақшалай сыйлық беріліп жатыр.

акша1

Биыл да жылдағы дәстүр бойынша ҰОС ардагерлеріне, оларға теңестірілгендерге және басқа да санаттағы адамдарға біржолғы материалдық көмек көрсетіледі.

-Жеңіс күніне орай 5 289 адамға 308,1 млн.теңгеге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Соның ішінде ҰОС қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер бойынша соларға теңестірілген 3 153 адамға 119,0 млн.теңгеге ақшалай көмек беріледі. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен мүгедектерге бір миллион жарымнан, Ленинград қоршауы кезінде жұмыс істегендер, фашистік лагер тұтқындарына, Кеңес армиясының ерікті жалдамалы құрамының адамдарына  120 мың теңгеден қаржы беріледі, - деп атап өтті БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы Ерлан Төлешов.

Бұдан бөлек ҰОС-ның қатысушылары мен оларға теңестірілгендердің әйелдеріне және тыл ардагерлеріне  30 мың теңгеден ақша беріледі.

- Бүгінгі таңда 5 059 адамға 295,9 млн.теңгеге төлем жасалынды, - деді басқарма өкілі.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале