30.09.2022, 10:30
Оқылды: 219

БҚО-да үздік ұстаздар марапатталуда

Оралда облыс әкімі Ғали Есқалиевтің қатысуымен Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиын басталды. Шара барысында өңір басшысы мұғалімдерді құттықтап, алғысхат табыстады.

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.25.26

- Ұстаздық - бұл жай ғана мамандық иесі емес, адам жан-жүрегімен таңдаған аса жауапты мамандық. Өңірде 21 мыңнан астам педагог, 168 мыңнан астам білім беру ұйымы бар. Барлығы да жемісті еңбек етіп келеді. Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! - деді Ғали Нәжімеденұлы.

"Батыс Қазақстан облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының математика пәнінің мұғалімі Жақсымбет Ғиззатов марапатталды. Тәжірибелі ұстазға бір жылдық сыйақы да табысталды.
Барлығы 22 ұстаз БҚО әкімінің алғысхатын алды.

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.25.26 (1)

Шарада 2022 жылдың ҰБТ қорытындысымен республикадағы «Үздік 100» мектеп тізіміне енген білім ордаларын және «Bilim HIGH» телевизиялық жобасының команда жетекшілері де марапатталды.
Еңбекқор ұстаздарды облыстық білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаева құттықтап, алғыс білдірді.
«Үздік 100» мектеп тізіміне енген өңір мектептерінің арасында
облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған Абай атындағы мектеп-гимназия-интернаты, дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-лицей-интернаты, дарынды балаларға арналған мамандандырылған "Білім инновация" мектеп-лицей-интернаты, Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейі», Жаңақала ауданының мектеп-гимназиясы, Ақжайық ауданының Абай атындағы мектеп-гимназиясы, Қаратөбе ауданының мектеп-гимназиясы, Орал қаласының Мәншүк Мәметова атындағы №27 мектеп-лицейі, 125 HIGHSCHOOL жеке мектебі бар.

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.25.25

Мұнымен қоса, «Bilim HIGH» телевизиялық жобасының жеңімпаз командаларының жетекшілері Бөрлі ауданынан Оралхан Қажкенов, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатынан
Диана Хусайнова, Қаратөбе ауданынан Жайнагүл Жұмабаева марапатқа кенелді.

WhatsApp Image 2022-09-30 at 10.33.41

Шарада кәсіби жетістігімен, оқушыларының оқуы мен тәрбиесіне, білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтерге арналған «Жалын» номинациясы, педагогтер қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігін арттыруға, ұлттық құндылықтарды дамытуға, қабілетімен білім беру ұйымын өркендетуге үлес қосқан директордың орынбасарларына арналған «Серпін» номинациясы берілмек.

Динара Насыр,
Суретке түсірген Гүлмира Сәрсенғали
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале