25.08.2022, 12:30
Оқылды: 249

БҚО-да хабарсыз кеткен студент төртінші күн іздестіріліп жатыр

БҚО-да із-түзсіз жоғалып кеткен студент төртінші күн іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Орал қаласында тұратын 18 жастағы Ерасыл Төлеуғали 21 тамыз күні шамамен сағат 12.00-де Ақжайық ауданы Базаршолан ауылынан 8 шақырым жердегі Қыдырбай қыстағынан шығып кеткен.

Содан бері үйіне оралмаған. «Полицияға туыстары 22 тамыз күні шағым түсірген.

Бойы 160-170 см, арықша келген, шашы қара, қысқа, дөңгелек жүзді. Үстіне қара түсті спорттық киім, көк аяқкиім киген. Бұрын кетпеген. Ұялы телефонын үйге қалдырып кеткен», деп хабарлады ведомстводан.

Студентті көрген-білген жан болса, 8-702-924-05-84, 8-702-378-02-66 телефонына хабарласуы сұралады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале