13.01.2020, 15:52
Оқылды: 194

БҚО-да заңсыз ойын бизнесінен 4,9 млн. теңге табыс тапқан тұрғынға сот үкімі шықты

Батыс Қазақстан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 4,9 млн теңге табыс тапқан тұрғынға сот үкімі шықты.

4

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі Жаңақала ауданында анықталған.

 Д. деген есімді тұрғын 2017 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың наурызы аралығында Жаңақала ауылындағы «Бозбаев» кафесінде заңсыз ойын бизнесін (кено, ұтыс дөңгелегі, тотализатор және басқа) ұйымдастырып, 4,9 млн теңге табыс түсірген.

Аталған тұрғын бұған өзі басшылық жасайтын «Inbet.kz» букмекерлік кеңсесі» ЖШС арнайы құрал-жабдықтарын, компьютерлік техникалары мен мамандарын пайдаланған.

Жаңақала аудандық сотының үкімімен Д. ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 3, 4-тармақтарына (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сәйкес айыпты деп танылып, оған 1 млн. 10 мың теңге айыппұл салынып, мүлкі тәркіленді.

 Сот үкімі заңды күшіне енді.

Елжан Ералы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале