Батыс Қазақстан облысында жоғалып кеткен ер адамның денесі Жайық өзенінен жеті күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, 30 қараша күні Бәйтерек ауданы Январцев ауылы тұсында Жайық өзенінен 34 жастағы ер адамның зорлық-зомбылық белгілері бар денесі табылды.
Марқұм 23 қараша күні із-түзсіз жоғалып кеткен болатын.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Приурал полиция бөлімі Январцев ауылының С. деген тұрғынын анықтап, ұстады.
Күдікті осы қылмысты жасағанын мойындады. Ол ҚР Қылмыстық істі жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (адам өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
16:0020.05.2022
Жамбылда зорлықпен өлтірілген әйелдің мәйіті табылды
15:0011.05.2022
Батыс Қазақстанда жол апатынан кішкентай бала көз жұмды
11:4729.04.2022
Қазақстан мен Ресей ғалымдары Жайық өзенін қалпына келтірумен айналысады – БАҚ
15:4521.04.2022
Жыл басынан бері 2700-ден астам әйел дағдарыс орталығына жіберілді – ІІМ
20.05.2022, 16:00
11.05.2022, 15:00
21.04.2022, 15:45