26.12.2023, 10:00
Оқылды: 58

БҚО-да жол апатынан 94 адам қаза тапты

Бұл туралы БҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Арман Байекесов айтты.

авария

– БҚО-да 11 айда 385 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 94 адам қаза тапты. 473 адам әр түрлі дене жарақатын алды. Жасөспірімдердің қатысымен 84 жол апаты тіркеліп, тоғыз бала қайтыс болды. 92 бала әр түрлі дене жарақатын алды, - дейді БҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Арман Байекесов.

Республикалық трассаларда жол апаттары азаймай тұр. Полиция өкілдерінің айтуынша, республикалық тас жолдарда 67 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 45 адам қаза тапқан. Ал облыстық маңызы бар тас жолдарда 31 факт тіркеліп, 17 адам қаза тапқан.

Ал қалада 260 жол апаты болып, 25 адам қаза тапқан. 293 адам жарақат алыпты. Бір ғана «Атырау-Орал» тасжолы бойындағы жол апатынан 21 адам қаза тапқан. Ол тасжолда биылғы 11 айда 26 жол апаты тіркелген.

– Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 1 692 адам жауапкершілікке тартылды. 136 адам жүргізуші куәлігінсіз масаң күйде көлік басқарғаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деді Арман Мақсотұлы.

Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале