22.10.2022, 11:03
Оқылды: 33

БҚО-да жыл басынан бері мыңға жуық алаяқтық фактісі тіркелді

БҚО-да жыл басынан бері мыңға жуық алаяқтық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz.

220930134550061e

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 934 алаяқтық фактісі тіркелген. Соның ішінде интернет арқылы біреудің атынан несие рәсімдеп, банк шотына қол сұғатындар жиілеп кеткен. Мәселен, жыл басталғалы осындай 570-тен астам факт анықталды. Ал тәртіп сақшылары тұрғындарды аса сақ болуға шақырады.

Мәселен, 16 жастағы жасөспірім Сити центр сауда орталығы маңында 20 жастағы азаматтан қоңырау шалу үшін телефонын сұрап, банктік интернет қосымшасы арқылы 570 мың теңге көлемінде несие рәсімдеп алған. Сондай-ақ алтын сататын дүкеннің маңында сенімге кіру арқылы 37 жастағы азамат банктік терминалдан 600 мың теңге несие рәсімдеген. Тағы бір жағдайда тұрғын азық-түлік дүкенінде банктік қосымшаның жалған төлемін көрсетіп, 70 870 теңгеге азық-түлік алып кеткен. Жедел-іздестіру шаралары барысында 25 жастағы облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале