12.12.2020, 18:48
Оқылды: 190

БҚО-да «Жыл үздігі - 2020» сыйлығы табыс етілді

Бүгін облыстағы үздік волонтерлерге «Жыл үздігі - 2020» сыйлығы табыс етілді. 

IMG_0362

- Әлемді әбігерге салған бұл жылы  жастар да әр салада қолұшын созып, белсенділік танытты. Облыс жастары республика көлемінде үздіктер қатарынан табылды. Еріктілер жылының қорытындысында еліміз бойынша 41 аталыммен ең белсенді ерікті жастар марапатталған болса, оның ішінде сегізі Орал өңірінің еріктілеріне бұйырды. Белсенді жастардың ең көбі де батысқазақстандықтар екеніне куә болдық. Біз сіздермен мақтанамыз, әр үлгілі істеріңе риза боламыз. Жастар оны марапат алу үшін емес, шынайы ниетпен, зор ықыласымен атқарғанын білеміз. Алайда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, жақсы жандар осындай марапатқа лайық. Үлгілі жастардың саны арта берсін, - деді салтанатты шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев.

IMG_0397

Одан әрі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен өңірдің белсенді жастары А. Аленовке, Е. Шамғалиевке, С. Сапаровқа, А. Утебалиеваға «Халық алғысы» медалі табыс етілді.

Айта кету керек, «Жыл үздігі - 2020»  сыйлығы байқауына бір ай көлемінде 12 аталым бойынша жүзден астам  өтініш түскен. Солардың арасынан ең үздіктерді тәуелсіз сарапшылар мен үкіметтік емес және жастар ұйымдары жетекшілері, әр сала бойынша басқарма өкілдері қатысқан комиссия отырысы саралады.

IMG_0486

IMG_0427

Волонтерлер 12 аталым бойынша озық шықты.  «Біргеміз: Білім» бағыты бойынша  Т. Серікқалиев, «Біргеміз: Саулық» бағытында С. Мұқашев, «Біргеміз: Таза әлем» бағытында Ж. Меңдешұлы, «Біргеміз: Асыл мұра» бағытында А. Жауынбай, «Біргеміз: Қамқор» бағытында Ә. Сұлтанұлы, «Біргеміз: Үміт» бағытында Р. Абаев «Үздік волонтер» атанды. Ал  «Үздік күміс волонтер» аталымын С. Тенишева, «Үздік жас волонтер» аталымын А. Тілекқалиева, «Үздік волонтерлік отбасы» аталымын Толочко және Арыстановтар отбасылары, «Үздік волонтерлік ұйым» аталымын «Орал жастары» волонтерлік қозғалысы, «БАҚ саласындағы үздік волонтер» аталымын «Сырым елі» қоғамдық-саяси газеті жеңіп алды. Жеңімпаздарды қала әкімі Абат Шыныбеков, Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры, байқаудың комиссия төрағасы Б. Халиолла, «Хабар 24» телеарнасының меншікті тілшісі Т.Жұбанышев және басқалар марапаттады. Саланатты шара «Grand Zodiak» мейрамханасында өтті.

Айна Имашева,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале