26.08.2019, 16:35
Оқылды: 953

БҚО-дағы педагогикалық колледжде тәжірибелік бағдарлама енгізіледі

Оралдағы жоғары педагогикалық колледжге отандық және шетелдік озық тәжірибе негізінде жасалған «Бастауыш білім» мамандығы бойынша эксперименталды бағдарламаны енгізу жоспарланған.

nis rafhat (7)

Назарбаев зияткерлік мектебі және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің бірлескен жобасы БҚО әкімдігі мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арасындағы меморандумға сәйкес жүзеге асырылмақ.

Батысқазақстандық ұстаздарға екі күн бойы әлемдік педагогиканың үздік сарапшылары Питер Мехисто (Лондон университеттік колледжі, Ұлыбритания) мен Джоана де Брито (Авейрус университеті, Португалия) білім беру саласындағы жаһандық трендтер туралы баяндама жасап, дәріс оқиды.

nis rafhat (24)

Эксперименталды жобаның ашылуына БҚО әкімі Ғали Исқалиев, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова, Орал жоғары педагогикалық колледжінің директоры Светлана Бахишева, «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы, «Kazdidac» ассоциациясының басқарма төрағасы Валерий Лебедев қатысты.

Қонақтар колледжде «Kazdidac» ассоциясының қауымдастығы орнатқан бастауыш сыныптарға арналған заманауи оқу кабинетімен танысты. Жаңа кабинетте зерттеу дағдыларын дамыту, жобалау қызметі, сандық және STEM-технологияларды қолдану үшін барлық жағдай жасалған.

nis rafhat (23)

– Қазіргі таңда еліміздің білім беру саласы әлемдік кеңістіктен өз орнын айқындады. Жаңартылған білім беруге сай инновациялық үрдістер жүруде. Бүгін үлкен жаңалыққа қадам жасағалы отырмыз. Республикада педагогикалық колледжде бастауыш білім беру мамандығы бойынша эксперимент жоба басталады. Тамыз кеңесінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев техникалық және кәсіптік білім беруді еңбек нарығына сәйкес модернизациялау туралы атап айтты. Колледждерде тек материалды-техникалық емес, ресуртарды үнемдеу, білім мазмұнын жаңарту, дуалды оқыту қажеттігін тапсырды. Бүгінгі шара осы аталған бағыттарға жасалған қадам. Жаңа бағдарлама арқылы педагогтарды жаңаша әрі заманауи даярлау жүйесін колледжімізге енгізу, білім саласының дамуына тың серпіліс оң өзгеріс әкеледі.

nis rafhat (16)

 Мектептердің 60 пайызы шағын жинақты болып есептелетін өңірде педагогикалық колледждің орны ерекше. Бұл жерде бастауыш және негізгі мектеп үшін мұғалімдер даярланады. Облыстағы педагогтардың төрттен бірі – колледж түлектері, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Динара Насыр,

«Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің тілшісі

суретке түсірген Рафхат Халелов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале