25.01.2022, 12:30
Оқылды: 175

БҚО-дан «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезіне делегаттар тізімі бекітілді

«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы аясында партияның ХХІ съезіне 20 делегат сайланды.

E58E3780-26D8-429D-A7F0-A20ED281BD82

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты отырыс онлайн-форматта өтті.  

Онлайн-отырысқа облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиев, партия төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, Орал қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков, Қазақстандық ақпараттық технологиялар және басқару институтының ғылыми-білім беру кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов, "Jas Otan" Жастар қанатының Батыс Қазақстан филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев және Саяси Кеңестің басқа да мүшелері қатысты.  

D45D8616-6C61-4D88-82D7-26246296564F

Саяси кеңес мүшелері 28 қаңтарда онлайн форматта өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне делегаттар сайлау туралы мәселе қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілді. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлер енді.

Партияның кезектен тыс ХХІ съезіне делегаттар сайланатын аталмыш отырыстар Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді.

 «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале