17.10.2023, 15:36
Оқылды: 3599

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Жеңіс Махамбетұлы Нығметуллин тағайындалды.

ac833f9b-007d-48df-a7f0-614a170ac29e

Ол 1984 жылы 12 мамырда дүниеге келген.

2006 жылы - Орал еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясынан юриспруденция мамандығы бойынша, 2014 жылы - Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінен экономика және бизнес мамандығы бойынша диплом алған.

Еңбек жолын 2007 жылы Батыс Қазақстан облысының қаржы департаментінің бас маманы қызметінен бастаған.

2008 - 2010 жылдары Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының  бас маманы болып еңбек еткен.

2010 - 2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының бөлім бастығы қызметін атқарды.

2013 – 2017 жылдары Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы.

2017 жылдың 27 қарашасынан осы уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале