12.03.2020, 11:42
Оқылды: 698

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасында жаңа басшы

   Конкурстық комиссияның шешіміне және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің келісіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Есендияров Қаймен Есенаманұлы тағайындалды.

Sport

Есендияров Қаймен Есенаманұлы 1967 жылы туған. Білімі жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын және Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы спорт комитетінің нұсқаушысы, Орал қаласында олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің (ОРМБЖМ) қазақ күресінен бапкер-оқытушы, Орал қаласында «Қайрат» балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Батыс Қазақстан облысы туризм және спорт басқармасы басшысының орынбасары, Батыс Қазақстан облысының ұлттық күрес және самбо федерациясының төрағасы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы, тәртіптік комитетінің төрағасы, БҚО қазақ күресі федерациясының президенті, 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінде самбодан мемлекеттік жаттықтырушы қызметін атқарды.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале