13.09.2023, 10:30
Оқылды: 73

БҚО: «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 10 мыңға жуық жас маман ауылға жіберілді

БҚО бойынша 2009-2023 жылдары аралығында осы жоба аясында 8 551 маман ауылдарға жұмысқа жіберілген. Бұл туралы БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының мамандары айтты.

2609B126-325D-4582-B14E-C9106CD0645C

Сурет: aqmeshit-zhastary.kz

Ауылдық жерлерді білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған жоба БҚО-да да жемісті жұмыс жасап келеді. Бүгінгі күнге дейін осы жоба арқылы 1 598 дәрігер ауылдарға қызметке жіберілген. Жалпы аймақта алыс аудандардағы дәрігер тапшылығы осы бағдарлама арқылы толығып отырғанын атап өту керек. Бұдан бөлек, 5 775 мұғалім, 127 әлеуметтік қамсыздандыру маманы, 534 мәдениет маманы, 228 спорт саласының қызметкерлері, агроөнеркәсіп кешеніне – 263 маман мен 26 мемлекеттік қызметкер осы жоба арқылы ауылдарға жіберілген.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы жастарды ынталандыру мақсатында мемлекет тарапынан көтерме ақы мен баспана алуға жеңілдетілген несие ұсынады.

– 2023 жылы 509 маманға үй салуға немес сатып алуға деп бюджеттен 2634,0 млн. теңге бөлінді. Биыл 900 маман әлеуметтік көмек алады. Бүгінгі таңда 540 маман көтерме жәрдемақыны алып үлгерді. Биылдан бастап мамандар өтінішті онлайн береді, - дейді БҚО стратегия және экономикалық даму басқармасының бөлім басшысы Райса Еркеғалиева.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале