29.08.2026, 14:15
Оқылды: 7

БҚО Қаратөбе ауданының үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы және облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қаратөбе ауданындағы магистральдық су құбырының салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы

Screenshot_20260829_145044_org.telegram.messenger_edit_37684766102238
Жоба Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды.

Screenshot_20260829_145121_org.telegram.messenger_edit_37533648770994
Жаңа су құбыры Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдарының 1,5 мыңнан астам тұрғынын, сондай-ақ 9 әлеуметтік нысанды ауыз сумен қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыруға арнаулы мемлекеттік қордан 2,1 млрд теңге бөлінді.

Screenshot_20260829_145052_org.telegram.messenger_edit_37587271554307
Жалпы Батыс Қазақстан облысында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік жобаларды іске асыруға 17,7 млрд теңге бөлінген. Бүгінгі таңда жалпы құны 7 млрд теңгені құрайтын 24 нысан пайдалануға берілді.

Screenshot_20260829_145110_org.telegram.messenger_edit_37568216779105
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қайтарылған қаражаттың мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ іске асырылып жатқан жобалардың сапасына ерекше назар аударуды жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале