25.08.2021, 14:33
Оқылды: 387

БҚО кәсіпкерлері елордадағы жәрмеңкеге қатысады

Тамыз айының аяғында Нұр-Сұлтан қаласында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтпек. Осыған орай аптаның сәрсенбісінде Орал қаласынан алты жүк көлігі аттанды. Екі күндік жәрмеңкеде Батыс Қазақстан облысының 80 кәсіпкері жалпы көлемі 120 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін сатуды жоспарлады.

 333

– Жәрмеңкеде 67 тонна сиыр мен жылқы еті, 15 тонна шұжық пен қалбырдағы өнім, 5 тонна балық, 20 тонна ұн мен макарон өнімдері, 5 тонна өсімдік майы, 3 тонна сүт өнімдері, 36 мың дана жұмыртқа сатылмақ. Тауар бағалары нарықтағы құнынан 10-20% төмен болады. Яғни елорда тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы өнімдері арзан болары анық. Тауар өндірушілер арасында ірі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары бар. Жәрмеңкеде санитарлық-гигиеналық талап сақталады. Келушілер бетперде киіп, арақашықтықты сақтап, антисептиктерді қолданғандары жөн, - деді ауыл шаруашығы басқармасы басшысының орынбасары Денис Умашев.

111

 444

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Сурет saigez.kz сайтынан алынды

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале