27.06.2023, 9:30
Оқылды: 267

БҚО командасы спартакиадада екінші орынға ие болды

Маусымның 20-сы мен 25-і аралығында Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында жергілікті атқарушы құрылымдардың қызметкерлері арасында республикалық  спартакиада  өтті.

b0441bdf-b5e0-4ac2-b7a7-5557dca11858

Волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, жүзу және бильярд сияқты жеті спорт түрінен сынға түскен мемлекеттік қызметшілер елішілік доданың медальдарын сарапқа  салды.

Жарыстың алғашқы күндері шалқалап жүзуден  Арданат Қаратай бірінші орын иеленіп, аталмыш жарыстың екі дүркін жеңімпазы атанды. Ал тоғызқұмалақ сынында Әсет Шағыров екінші орын иеленді. Бұл спартакиадада волейболшыларымыз мықты өнер көрсетті. Топтық кезеңдегі төрт ойынды жеңіп, ширек финалда қостанайлықтарды, жартылай финалда павлодарлықтарды қапы қалдырып, финалға жолдама алды. Өкінішке орай, ақтық сында біздің өңір волейболшылары Түркістан облысының командасына  жол  берді.

8348b588-3848-4e7a-ab4e-8e428a1f01ae

Шағын футболшылар да  намысты қолдан бермеді. Өз тобынан бірінші орынмен шыққан аяқдопшылар ширек финалда пенальти кезеңінде Павлодар облысының командасынан  ұтылып, 7-орынды қанағат тұтты.

Үстел теннисінің шеберлері өз тобында ешкімге дес бермеді. Финалға дейін бәрінен басым  түскен теннисшілер соңғы сында түркістандықтарға жол берді. Осылайша облыс командасы жалпыкомандалық есепте екінші орынға тұрақтады.

 Түгелбай Бисен,

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале