16.08.2022, 16:30
Оқылды: 83

БҚО көшелерінде олимпиада жеңімпаздарының фотосуреттері ілінді

Батыс Қазақстан облысында «Балалар жылы» аясында халықаралық мектеп олимпиада жеңімпаздарының фотосуреттері ілінді.

22

Бұл бастаманы Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы биылғы «Балалар жылы» жарияланғаннан бастап қолға алды. Жаңа оқу жылы қарсаңында 130-дан астам тақырыптық билбордтар, соның ішінде жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпаздарының фотосуреттері ілінді.

23

Бұл бастама баланың бойында білімге құштарлықты дәріптеу, отандық ғылымды насихаттау мақсатында іске асырылды. Аталған жетістіктер оқушылардың ғана емес, олардың ата-аналарының, ұстаздарының бірлесіп жасаған нәтижелі еңбегі.

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале