17.07.2026, 12:30
Оқылды: 6

БҚО құрамасы республикалық спартакиадада жеңімпаз атанды

10–17 шілде күндері Көкшетау қаласында жергілікті атқарушы орган қызметкерлері арасында дәстүрлі республикалық спартакиада өтті.

WhatsApp Image 2026-07-17 at 10.25.25

Еліміздің 17 облысы мен 3 республикалық маңызы бар қаласының командалары 10 спорт түрі бойынша бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысының құрамасы 208 ұпай жинап, жалпыкомандалық есепте көш басынан көрінді. Ақтөбе облысы 196 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, ақмолалық команда 190 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

WhatsApp Image 2026-07-17 at 10.00.28 (2)

Бұл жеңіс – облыс спортшыларының, бапкерлері мен команда мүшелерінің қажырлы еңбегі мен бірлігінің жемісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

БҚО бойынша департаментінің баспасөз қызметі

WhatsApp Image 2026-07-17 at 10.00.28 (3)  WhatsApp Image 2026-07-17 at 10.00.28 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале