23.05.2024, 15:15
Оқылды: 0

БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы тағайындалды

Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің келісімімен Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы болып тағайындалды.

InShot_20240523_151338677

Мұханғалиев Қуанышбек Жанболатұлы 1987 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі жоғары. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын дәстүрлі музыкалық өнері және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық универститетін мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының және Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің артисі болып бастаған.

Әр жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің инспекторы, бас сарапшысы, Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің директоры, Астана қаласы әкімдігі Тәуелсіздік сарайы директорының міндетін атқарушы қызметтерінде болды.

2017-2019 жылы Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы
2021-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшының орынбасары

Қазіргі тағайындауға дейін Батыс Қазақстан облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшының орынбасары болды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале