15.06.2024, 10:30
Оқылды: 112

Теректі ауданында «Жасыл ел» жасағы жұмысқа кірісті

Кеше Подстепный ауылында «Жасыл ел» еңбек маусымының ашылу салтанаты өтті. Ауданның гүлденуіне титімдей болса да, үлес қосуға ниетті Теректі, Подстепный, Шаған және Ақжайық ауылдары жастарынан құралған «Жасыл ел» жастар еңбек және құрылыс жасағының XX еңбек маусымы салтанатты түрде ашылған соң Гимн шырқалды. 

20240614172842_IMG_7462

Рухтанған жастарға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Амандықов сәттілік тіледі. Ұйымның штаб жетекшісі Қасиет Балмолды сөз алып, еңбек жасағында іскерлігімен көзге түскен жастарды марапаттап, естелік сыйлықтар табыс етті. Атап айтсақ, Гүлназ Ізімқұлова, Милана Серікова, Даниял Мұханбетжанов, Диана Мырзағалиева, Кәмила Төлеуішова қатарластарына үлгі болды. Содан соң жастар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға риза болып, алғыстарын жеткізді.

20240614172730_IMG_7449

Айта кетейік, I маусымдық жұмысқа Теректі ауылынан 20, Подстепный ауылынан 26, Шағаннан 5, Ақжайықтан 10 жас сарбаз қабылданды. Тағы бір қуанатын жайт олардың жалақысы 100 мың теңгені құрады. Негізгі жұмыс беруші 85 мың, «Жасыл ел» жасағы 35 мың 394 теңге төлейді екен. Биыл жасақтың құрылғанына бақандай 20 жыл толды. Осы орайда еңбекқор жастардан қарқынды жұмыс күтеміз.

20240614184443_IMG_7529

Олар сенімді ашылу салтанатынан кейін су тасқынында бөгет салудан қалған қапшықтарды жинап, ақтай бастады. Билік тізгінін ұстаған басшылар да сол ортадан табылып, жастарға қолғабыс етті. Ұйымшылдықтың көрінісін көрген көз сүйсініп, көңіл де жылып қалды.

20240614182606_IMG_7480

Еске сала кетейік, республика бойынша жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына жасақтың жастарымен қосылып, құлшына жұмысқа кірісті.

Ақтілек Орынбасар,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале