28.09.2018, 15:31
Оқылды: 62

БҚО мәслихаты депутаттары бес жаңа жобаны қолдады

Бүгінгі облыстық мәслихаттың кезекті 19-шы сессиясында былтыр облыстық мәслихат депутаттарымен бекітілген жергілікті мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясындағы 12 жобаның алтауын мемлекеттік жекеменшік серіктестік  тарапынан өтінімдердің түспеуіне байланысты қысқарту және бес жаңа жобаны қосу туралы шешім қабылданды.

sessia (4)

Олардың қатарында жалпы құны 133 млн. теңгені құрайтын облыстық клиникалық аурухана ғимаратында асхананы жалға алу, күрделі жөндеу және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету жобасы, Ақжайық аудандық орталық ауруханасына лизингке компьютер тамогрофын сатып алу (жоба құны 379 млн. теңге) жобасы, лизинге қалалық көпбейінді ауруханаға құны 370 млн. теңгені құрайтын ангиограф сатып алуға, 20,2 млрд. теңгеге бағаланған Зеленов ауданының Переметное ауылындағы көлік жолдарын күрделі және орта жөндеу жобасы және Зеленов ауданында «Сұңқар смарт-сити» қондырғыларын орнату және қызмет көрсету (жалпы бағасы 452 млн. теңге) жобасы бар.

Динара ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

zhaikpress.kz

         Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале