29.03.2022, 11:55
Оқылды: 37

БҚО монополистері тұтынушыларға есеп береді

2018 жылғы 27 желтоқсандағы №204-VI «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 25-бабының 6-тармағына сәйкес, қызметтің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Табиғи монополия субъектісі ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында жарты жылдың және жылдың қорытындылары бойынша бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептер беруді өткізеді.

5647ADBC-2CE6-4527-9CE3-E139FD236596

ТМС қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Департамент әрбір тұтынушының келесі қоғамдық тыңдауларға қатысу мүмкіндігі бар екенін хабарлайды.

«Қазводхоз» ШЖҚ РМК Батыс Қазақстан филиалы – 26.04.2022 ж.

- «Каменский» өндірістік бөлімшесінің тарату желілері арқылы ауыз суды жеткізу қызметтерін тұтынушылармен сағат 9:00-де Бәйтерек ауданы, Щапов ауылы, өндірістік база ғимараты (2-қабат, акт залы) мекенжайы бойынша;

- «Бөкейорда» өндірістік бөлімшесінің магистральдық желілері арқылы ауыз сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен сағат 10.00-де Бөкей ордасы ауданы, Сайхын ауылы, Әзірбаев к., 10/2 мекенжайы бойынша;

- «Жаңақала» топтық су құбырының магистральдық желілері арқылы ауыз сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылармен сағат 10.00-де Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы, Д.Нұрпейісов көшесі, 37 (Жаңақала колледжінің акт залы) мекенжайы бойынша;

- Суармалы суды каналдар арқылы жеткізу қызметтерін тұтынушылармен сағат 14.00-де Орал қаласы, Самарская көшесі 23Б (1-қабат, акт залы) мекенжайы бойынша;

- Шаған су қоймасының тірек гидротехникалық құрылыстарының көмегімен жер үсті ағынын реттеу қызметтерін тұтынушылармен сағат 15.00-де Орал қаласы, Самарская көшесі 23Б (1-қабат, акт залы) мекенжайы бойынша.

«ҚазТрансгаз Аймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы  - 28 сәуір 2022 жыл сағат 15.00-де, Орал қаласы, Гагарин көшесі 29, мәжіліс залы мекенжайы бойынша.

«Орал газтурбиналық электр станциясы» ЖШС - 28 сәуір 2022 жыл сағат 15.00-де, БҚО, Бәйтерек ауданы, Мичурино ауылы, Шаруашылық к-сі, 2/1 мекенжайы бойынша.

«Жайықжылуқуат» АҚ - 29 сәуір 2022 жыл сағат 17.00-де, Орал қаласы, ЖЭО ауданы, 13, мәжіліс залында өткізіледі.

Алмас Отаров,

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале