29.09.2020, 20:27
Оқылды: 69

БҚО орыс драма театрының 162-маусымы жаңа премьерамен ашылды

А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының 162-маусымы жаңа премьерамен ашылды.

5D7E7FBB-8184-457B-A438-BD08578E16DB

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі былай дейді: «Коронавирус індетіне байланысты үзілістен кейін театр ұжымы Отфрид Пройслердің «Кішкентай Мыстан кемпірін» («Маленькая Баба-Яга») сахналады. Спектакльді қойған режиссер Руслан Джумахметов. «Кішкентай Мыстан кемпір» ертегісі балалар, сондай-ақ ересектер үшін де тартымды. Спектакль сахналық көркемделуі мен компьютерлік жарықтандырылуымен ерекшеленеді. Бас режиссер Оксана Малушаның айтуынша, «Кішкентай Мыстан кемпір» театрдың тұрақты репертуарына енетін болады.

3E81B83E-3906-496F-82B3-71D6E33F6580

Сонымен қатар көрермендер Николай Гогольдің «Үйлену» («Женитьба») комедиясын (режиссері О.Малуша) да қызыға тамашалады. Шығарма осыдан екі ғасырдай бұрын жазылса да, маңыздылығын жойған жоқ. Жаңа маусымның ашылуы кезінде театр ардагері, ҚР мәдениет қайраткері, труппа меңгерушісі Илья Тарановқа 55 жасқа толуына орай құрмет көрсетілді.

B6041C44-E9F4-41F6-BA45-6605F2F8F962

«Театрда барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталып отыр, көрермендер саны 50-ден аспайды. Спектакльдер сенбі және жексенбі күндері қойылады. Қазіргі таңда театр Жеңістің 75 жылдығына орай Виктор Розовтың «Мәңгі тірі» («Вечно живые») шығармасы бойынша жаңа қойылымды әзірлеуде», деді Оксана Малуша».

9D1A1B6C-94E2-426E-BCBD-61A13F84E9D6

  zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале