28.12.2023, 15:32
Оқылды: 75

БҚО: Полиция жаңа жыл күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді

БҚО Полицейлері 29 желтоқсаннан бастап күшейтілген жұмыс режиміне көшеді. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

полиция машина

Сонымен қатар полиция өкілдері жаңа жыл кешінде пиротехникаларды пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға шақырады.

-Полиция қызметкерлерінің басты міндеті - қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу. Біз тұрғындардан қауіпсіздікті сақтау мақсатында пиротехникалық бұйымдарды лицензиясы  бар дүкендер мен сауда орындарынан ғана алуға кеңес береміз.  Пиротехниканы сатып алу кезінде ең алдымен сатушыдан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оны қолдану жөніндегі нұсқаулық болуы қажет,- делінген полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, БҚО Полиция департаментінің жеке құрамы 29 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істейді.

Жанат Көшкінбай, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале