13.03.2024, 15:00
Оқылды: 39

БҚО прокуратурасы мектептерден бірқатар заң бұзушылықты анықтады

БҚО прокуратурасы мектептердегі бала қауіпсіздігіне қатысты жылына бірнеше мәрте прокурорлық тексеріс жүргізеді. Осындай тексерістер нәтижесінде прокуратура өкілдері бірнеше заң бұзушылықты анықтаған.

прокурор

Атап айтқанда мектеп асханаларындағы мемлекеттік сатып алу және балаларды тасымалдауға қатысты заң бұзушылықтар анықталыпты.

- Қаратөбе ауданының мектепке дейінгі ұйымдары тамақ өнімдерін сатып алу үшін конкурстық құжаттамаларды бекіту барысында әлеуеттік өнім берушілердің облыстың аумағында тіркелуін, 5 жылдық жұмыс тәжірибесінің болуын талап еткен. Аудан прокуратурасының наразылығымен конкурстық құжаттамаларды бекіту туралы бұйрықтардың күші жойылды.

Ұқсас заң бұзушылықтар Жаңақала аудандық прокуратурасымен анықталып, тиісті шаралар қабылданды, - деді облыс прокурорының аға көмекшісі Жанар Имангалиева.

Ал негізінде талап бойынша әлеуеттік өнім берушінің тауар нарығындағы жұмыс тәжірибесі 7 жылды құрауы тиіс екен.

Бұдан бөлек БҚО прокуратурасы балалар тасымалы кезінде де бірнеше заң бұзушылыққа жол берілгенін анықтапты.

- Ақжайық ауданының білім беру мекемелерінде балаларды тасымалдайтын жүргізушілердің медициналық тексеруден өтуіне жағдай жасалмаған, балаларды жаппай тасымалдау барысында олардың ата-аналарынан жазбаша келісімдер алынбаған. Осыған байланысты кінәлі тұлғаға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 8-бөлігі бойынша айыппұл салынды.  Айыппұл көлемі 55 380 теңгені, - деп атап өтті Жанар Имангалиева.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале