13.06.2026, 19:30
Оқылды: 4

БҚО спортшылары VIII халық ойындарын сәтті бастады

Қазақстан Республикасының VIII халық ойындары өңір спортшылары үшін сәтті басталды. Алғашқы жарыс күнінде облыс командалары бірнеше спорт түрінен жеңіске жетті. Бұл команданың жүлделі орындарға таласуға дайын екендігін көрсетеді.

WhatsApp Image 2026-06-13 at 18.55.30 (1)

Үстел теннисінен облыс құрамасы топтық кезеңде сенімді ойын өрнегін көрсетті. Олар алдымен Атырау облысының командасын 6:1 есебімен жеңсе, кейін Қарағанды облысының құрамасын 6:0 есебімен ойсырата ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

WhatsApp Image 2026-06-13 at 18.55.31 (1)

Шағын футболдан өткен тартысты кездесуде облыс командасы Алматы қаласының құрамасынан 3:2 есебімен басым түсіп, маңызды жеңіске қол жеткізді.

WhatsApp Image 2026-06-13 at 18.55.31 (4) WhatsApp Image 2026-06-13 at 18.55.31 (3) WhatsApp Image 2026-06-13 at 18.55.31 (2)

Тоғызқұмалақтан да жерлестеріміз жеңіс тұғырынан көрінді. Астана қаласының спортшыларымен өткен кездесуде оралдықтар 2,5:1,5 есебімен басым болып, жарысты сәтті бастады.

WhatsApp Image 2026-06-13 at 18.55.31

Волейболдан қыздар құрамасы Алматы қаласының командасын 3:1 есебімен ұтса, ерлер құрамасы Қарағанды облысының спортшыларымен өткен аса тартысты кездесуде 3:2 есебімен жеңіске жетті.

WhatsApp Image 2026-06-13 at 18.55.31 (5)

Зияткерлік спорт саналатын шахматтан да Батыс Қазақстан облысының құрамасы жоғары нәтиже көрсетті. Жерлестеріміз Атырау, Павлодар облыстары мен Астана қаласының командаларын жеңіп, жарысқа тек жеңіс үшін келгенін анық байқатты.

Осылайша, VIII халық ойындарының алғашқы күні облыс спортшылары үшін нәтижелі өтті. Алда әлі алты жарыс күні бар.

Фатима Қамидуллиева

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале