19.07.2021, 11:04
Оқылды: 460

БҚО тұрғындары арасындағы сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлері

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілетін қызметтер саны жыл сайын артуда. Қазір Батыс Қазақстан облыстық филиалы арқылы 659 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша облыстық филиал арқылы 300 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.

photo5247217432093896615

«Пандемия басталғалы бері көптеген қызметтер онлайн форматқа көшті. Дегенмен де ХҚО-ға жүгінушілер саны азаймай отыр. Азаматтарды қабылдау кезекті алдын ала брондау арқылы жүргізіледі. Жартыжылдықта 72 334 ЭЦҚ беріліп, 36 879 автокөлік құралы, 28 933 жылжымайтын мүлік нысаны тіркеуден өткен. Бұл - облыс тұрғындары ең көп жүгінетін мемлекеттік қызметтер»,- дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» БҚО бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Аймақта 17 халыққа қызмет көрсету бөлімі мен 1 мамандандырылған бөлім жұмыс істейді. Жақын арада Орал қаласында ХҚО бөлімдеріндегі кезекті азайту мақсатында 10 өзіне-өзі қызмет көрсету секторы ашылды.

Айта кетейік, ХҚО-ға кезекті алдын ала брондау арқылы келген қызмет алушылар Ashyq жүйесі арқылы тексеруден өтеді. Азаматтардан арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, санитарлық нормаларды сақтауды сұраймыз.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

БҚО бойынша

филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале