Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мамандарының ұйымдастыруымен биылдыққа екінші мәрте өткен көпшілік шаңғы тебу фестивалі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды.
Шаңғы тебу жарысына облыс әкімі Ғали Есқалиев, спорт ардагерлері мен сала мамандары және спортшылар қатысты. Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары, БҚО шаңғы жарысы федерациясының президенті Ерікқали Бисақаев бастаған бәйтеректік спортшылар да болды.
- «Дені саудың – жаны сау». Спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанған тұрғындардың көп болғаны ұлт саулығын қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Күннің суығы мен жолдың алыстығына қарамай келген әр спортшыға ризашылығым шексіз, - деді облыс басшысы Ғ.Есқалиев.
100-ге жуық шаңғышы атсалысқан көпшілік шара екі кезеңнен тұрды. Алғашқы болып жарыс жолына жастар шықты. Кейін өңір басшысы мен спорт ардагерлері шаңғы жолына түсті. Ұзағы 6, жақыны 3 шақырымды бағындырған шаңғысүйерлердің ең жасы небәрі төрт жаста болса, ең үлкені 70-ті алқындапты.
Шараға Бәйтерек ауданынан арнайы барған спортшылар қысқы спорт түрлерін дамыту үшін осындай жарысты көптеп өткізген дұрыс екендігін алға тартады.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz
24 сәуірде «Ашық әкімдік» ашық есік күні өтеді
22.04.2021, 21:15
Оң баға берді
22.04.2021, 15:39
Қазақстанда 800 мыңға жуық адамға коронавирус вакцинасы егілді
22.04.2021, 10:59
Ұзақ жылға созылатын жоба
21.04.2021, 17:35
БҚО бойынша ТМРКД басшысы жылыту төлемін қалай есептеу керектігін айтты
21.04.2021, 17:15
БҚО филармониясы елордамен байланысты нығайтпақ
21.04.2021, 10:35
Батыс Қазақстанда 24 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды
21.04.2021, 8:53
Батыс Қазақстан облысында коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру туралы
20.04.2021, 15:38
«Әлеужелідегі сауалдарға дер кезінде жауап берген дұрыс»
20.04.2021, 13:46
30 желаяқ жарысты
19.04.2021, 23:20
Сайлауалды уәделердің орындалуы – басты назарда
19.04.2021, 20:37
БҚО-да санитарлық-экологиялық айлық жалғасуда
17.04.2021, 18:31
Жәңгір хан университетінің ұжымы абаттандыру жұмыстарын жүргізуде
17.04.2021, 15:36
Бау-бақша жанданатын кез келді
15.04.2021, 21:13
Ауыз сумен қамту жақсармақ
15.04.2021, 21:07
22.04.2021, 21:15
22.04.2021, 15:39
22.04.2021, 10:59
21.04.2021, 17:35
21.04.2021, 17:15