22.03.2019, 12:25
Оқылды: 25

БҚО ұстаздары Астананың атауын өзгерту туралы тарихи шешімді қолдайды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына сіңірген еңбегін ештеңемен салыстыруға болмайды! Ол елді қиын кездерде неше түрлі тығырықтар мен сын тегеуріндерден алып шықты. Өзінің сарабдал саясаты мен адами қасиеттері, тұлғалық шеберлігі арқасында елдің тұтастығын сақтап қалды және көшбасшылық болмысымен бүгінгі күні Қазақстанды әлемге танытты! 

NAzarbayev-biudjet

Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, жылдан жылға қай саладан болса да даму үстінде келеміз. Болашаққа деген сеніміміз нық болып, алға айқын мақсаттар қойылды. Әсіресе, білім саласындағы өзгерістер - өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасалған Елбасының болашақты болжаудағы көрегендігі!

Қазақ елінің әлемдегі өркениетті елдердің қатарында болып, қазақ халқының білімді, озық ойлы, ғылымды меңгерген ұлт болуы үшін стратегиялық бағдарламалар ұсынып, олардың жүзеге асырылу жолдарын нақтылап берді. Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарымызды сақтаудың маңызын назардан тыс қалдырмады. Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын артуына әрқашан көңіл бөлген Елбасы халықпен біртұтастығын көрсетіп, елдің қамын ойлаған азаматтығын айқындайды.

Қазақстанның кемел келешегіне, берік болашағына сенген Елбасының Астана қаласының салынуына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз! Сондықтан да, елін сүйген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанға, қазақ еліне, ұрпақ болашағына сіңірген еңбегіне құрмет көрсетудің үлгісі ретінде Астана қаласының атауын Нұр-Сұлтан деп ауыстыру туралы шешімді Батыс Қазақстан облысының барлық ұстаздары қолдайды!

Батыс Қазақстан облыстық

оқыту-əдістемелік кабинетінің ұжымы 
 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале