31.10.2017, 17:45
Оқылды: 34

БҚО жастарынан «Жыл үздіктері» анықталады

DSC_0024Биыл ҚР Президенті «Болашақ» халықаралық шәкіртақы иегерлерінің қауымдастығы БҚО бойынша филиалы дәстүрлі «Жыл үздігі – 2017» облыстық жастар сыйлығы» байқауын ұйымдастырады. Оған қатысушылардың жасы 14 пен 29 аралығында болуы тиіс.


 

Олар байқау талаптары бойынша құжаттарын қарашаның 20-сына дейін жолдаулары тиіс. Бұл жөнінде БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте қауымдастық филиалының төрайымы Салтанат Тұманбаева хабарлады.

Байқау 11 негізгі, екі арнайы аталымнан тұрады. Яғни, жастар арасында көшбасшылық қасиетімен танылған үздік белсенділер және біліктілігімен көзге түскен сала мамандары марапатталады. Байқауға қатысушылардың жетістіктері туралы мәліметтерді арнайы комиссия сараптайды.

– Байқау лауреаттары 100 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақыға ие болады. «Қайсарлығы мен батылдығы үшін» және «Жыл жаңалығы» атты аталымдар бойынша облыста ерекше қасиетімен көзге жастар арнайы марапатталады. Айта кетерлігі, биылғы байқауда «Үздік жастар ұйымы» аталымының орнына «Үздік мектеп көшбасшысы»  бағаланады. Қазанның 20-ынан бастап өтініштер қабылдау басталды, – деді Салтанат Тұманбаева. Оның айтуынша, дарындылар арасында үздіктерді анықтауға арналған байқауға қатысушылар саны жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылда 130-дай белсенді жас бақ сынаған.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале