5.12.2022, 17:45
Оқылды: 82

БҚУ-лық театр – жеңімпаз

Таяуда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шаңырақ» студенттік театрының ұйымдастыруымен студенттік театрлардың ІІ республикалық фестивалі өтті. Оған еліміздегі жоғары оқу орындарының 11 шығармашылық ұжымы қатысты.

IMG-20221205-WA0065

Фестивальдің мақсаты – дарынды студент-жастардың өнерін қолдау және ынталандыру, талантты авторларды, жас режиссерларды анықтап, жоғары оқу орны студенттері арасындағы достық қарым-қатынас пен шығармашылық байланысты нығайту. Қойылымға Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кен­же­­ғали Мыржықбай, Тұңғыш Президент қоры сыйлығының лауреаты, актер, режиссер Нұрлан Қалиев, актер, режиссер Аман Ғұмаров,  Әзір­бай­жан Мәмбетов атындағы мем­лекеттік драма және комедия театрының әртісі Гүлмира Жа­килина сынды кәсіби мамандар қазылық етіп, өз бағасын берді.

IMG-20221205-WA0067

Аталмыш байқауда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің «Мұрагер» студенттік театры жүлделі І орынды иемденді. Байқауда бақ сынаған театр ұжымы Дулат Исабековтің «Есепшот, түйетауық және домино» шығармасының желісімен жазылған спектакльді сахналаған. Жетекшісі – Искакова Индира Идиятқызы.

IMG-20221205-WA0027

Жеңімпаздарды университет ректоры Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлы арнайы қабылдап, театр құрамын жетістіктерімен құттықтап, университет атынан сый-сияпатын тарту етті. Өз кезегінде студенттік ұйым мүшелері де ұстаздары мен университет ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректоры Сыдықов Ерлан Бәтташұлының Алғыс хатын табыстады.

Азиза Суйншкалиева,

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің корреспонденті

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале