30.01.2020, 13:25
Оқылды: 86

Бөкей ордасында биыл 10 инвестжоба іске аспақ

Бөкей ордасы ауданындағы былтырғы жалпы инвестиция көлемі 3 млрд. 530 млн. теңгені құрап отыр. Оның 1млрд. 929 млн. теңгесі республикалық бюджеттен, 231 млн. теңге жергілікті бюджеттен түскен. 1 млрд. 370 млн. теңге меншікті қаражаттан түскен инвестиция. 2018 жылмен салыстырғанда жалпы инвестиция көлемі 10%-ға, оның ішінде жеке қаржылар бойынша инвестициялар 45%-ға артқан.

bokei orda (20)

Бұл қазіргі уақытта аудандағы жеке тұлғалар мен кәсіпкерлердің әл-ауқатының артқанын білдіреді. 2019 жылы шағын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салаларына1 млрд. 181 млн. 700 мың теңге көлемінде инвестиция тартылды. Оның ішінде, асыл тұқымды ірі қара малдарды, ауыл шаруашылық техникаларды сатып алу, күн батареяларын орнату, құдықтар соғу және кәсіпкерлік нысандарын салу жұмыстары қарқын алған. 2020 жылы 732 млн. теңгені құрайтын  10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарда бар.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале