30.01.2020, 13:32
Оқылды: 44

Бөкей ордасында кәсіпкерлік нысандар айтарлықтай көбейген

-Ауданның кәсіпкерлік нысан саны 1049-ға жетіп, былтырғы жылдан 8,7%-ға  артып отыр. Осы салада 1626 адам жұмыспен қамтылған, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 10,8%-ға көп, - дейді Бөкей ордасы ауданы әкімі Нұрлан Рахымжанов.

bokei orda (20)

Ауданның шағын бизнес субъектілері 4 млрд. 895 млн. теңгенің өнімдерін өндіріп, 2019 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 84 адам 281 млн. теңге несие алды. Сондай-ақ «Қарапайым заттар экономикасы» несиелендіру бағдарламасы бойынша 6 адам 104 млн. 210 мың теңге алса, «Бастау бизнес» жобасы бойынша 267 адам оқытылып, оның 17-і шағын несие, 75-і 505 мың теңгеден және 12-і 252 мың  теңгеден ақшалай грант алып отыр. Бұл қаржылар мал өсіру, тұрмысқа қажетті қызмет көрсету орындарын ашу және шағын өндіріс орындарын ашуға бағытталғандығын тілге тиек еткен аудан әкімі «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында 2019 жылы Сайқын ауылында робототехника және модельдеу бойынша оқыту кәсіпкерлік жобасы 2 млн. теңге көлемінде мемлекет грантына ие болғанын да айтып өтті. Сонымен қатар өткен жылы аудан орталығында 7 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға қолжетімді бағамен 7 млн. 500мың теңгенің өнімі сатылды.

 

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале