11.12.2021, 17:10
Оқылды: 86

Боксшы Әли Ахмедов қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық босшы Әли Ахмедов Америка Құрама Штаттарының Монтебелло қаласында өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап. Бүгінгі бокс кешінде Әли Ахмедов мексикалық боксшы Пауль Валенсуэламен жекпе-жекке шыққан болатын.

211211122452055e

Суперорта салмақтағы кездесу 10 раундқа созылуға тиіс еді. Алайда ол бірінші раундтың соңында қазақстандық боксшының нокаутынан кейін уақытынан бұрын аяқталды.

Осылайша Әли Ахмедов өзінің кәсіпқой бокстағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Пауль Валенсуэла осымен он бірінші мәрте жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсанында IBO бойынша әлем чемпионы титулы үшін тартыста Карлос Гонгора Әли Ахмедовты нокаутқа жіберген болатын.

Бұл - Әлидің содан бергі екінші жекпе-жегі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале